Атырау, 2 мамыр 02:22
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Министр Атыраудың инфекциялық стационарын онлайн түрде аралады

3 555 просмотра

6 шілдеде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой №2 облыстық (жұқпалы аурулар) ауруханасы мен облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын онлайн режимде аралады. Ол Астанадан жергілікті бейнекамераның көмегімен медициналық мекемелердің дәліздері мен палаталарынан "жүріп өтті".

Министр қабылдау бөлімшесінің, жағдайы ауыр пациенттерге арналған реанимация бөлімшесінің және инфекциялық бөлімшенің жұмысымен  танысты. Қазір № 2 облыстық ауруханада COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан 162 науқас ем алуда. Ауруханадағы 100 орын оттекті консольмен қамтамасыз етілген, 12 ӨЖЖ аппараты бар.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ қосымша 90 төсектік инфекциялық стационар салу жоспарланып отырғанын айтты. Демеушілер тағы 30 ӨЖЖ және 100 оксигенация аппаратын сатып алып бермек. 

Содан кейін министр облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының 103 диспетчерлік қызметімен танысты. Бүгінде 42 жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетеді, тәулігіне шамамен 1 100-1 200 шақыру қабылдайды, жүктеме екі есе артты. Мамандар респираторлық ауру бойынша шақырғандардан ПТР-тест көмегімен COVID-19 анализ алады.

Содан соң А. Цой денсаулық сақтау басқармасының басшысымен өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды талқылады.

"Атап айтқанда, кен орындарында індеттің өршуінің алдын алу, жағдайы ауыр  пациенттерді шұғыл емдеудің әдісін әзірлеу, медицина мамандарының дифицит мәселесін шешу сынды проблемалар сөз болды", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

7 шілде 2020, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.