Атырау, 26 сәуір 05:42
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Коронавирус ауа арқылы таралуы мүмкін - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

3 541 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ауа арқылы таралуын жоққа шығармайды. Бірақ бұл әлі де зерттеуді қажет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

COVID-19 вирусының таралу жолдары туралы мәліметтерді қайта қарауға шақырған 200-ден астам ғалымның үндеуіне дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері жауап берді.

"Біз COVID-19 вирусының ауа арқылы жұғу мүмкіндігі туралы айтып отырмыз",– деді ұйымның COVID-19 пандемиясы жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керхов.

Ұйым бұған дейін вирус науқастың мұрнынан және аузынан шыққан кішкене тамшылар арқылы тез тарайтынын мәлімдеген болатын.

Ал ДДҰ-ның инфекцияның алдын алу жөніндегі техникалық жетекшісі Бенедетта Аллегранци коронавирустың ауа арқылы берілуінің дәлелі бар екенін айтқанымен, түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте екенін атап өтті.

"Адамдар көп жиналатын жабық әрі нашар желдетілетін қоғамдық орындарда вирустың ауа арқылы берілу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Алайда, дәлелдер жиналып, түсіндірілуі керек және біз бұл істі жалғастыра береміз", - деді ол.

ДДҰ-ның берілу қаупін бағалаудағы мұндай өзгерісі адамдар арасындағы 1 метр қашықтықты сақтау жөніндегі қазіргі ұсынысқа әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін екі жүзден астам ғалым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ашық хат жазып, SARS-CoV-2 коронавирусымен күресу жөніндегі ұсыныстарды тез арада қарауға шақырған болатын. Олардың мәліметі бойынша патогеннің адамдарға ауа арқылы жұқтыруы мүмкін екендігіне дәлелдер жеткілікті.

Дереккөз: sputniknews.kz

8 шілде 2020, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.