Атырау, 22 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда бір күнде дәрілерді алып-сатумен айналысқан 76 адам ұсталды

3 169 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 6 шілдеде Қазақстанда дәрі-дәрмектерді алып-сатумен айналысқан 46 адамның ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, дәрілерді заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған.

"Іс-шаралар жалғасып жатыр. 6 шілдеде полицияға 76 адам жеткізілді, олардан 20864 дәрілік зат, оның ішінде глюкоза мен ферсинол тәркіленді. 2600-ден аса ацетилосалицилол қышқылы, оның 654 орам парацетамол және тағы басқа дәрілер алынды",-деді министр.
7 шілде 2020, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.