Атырау, 29 наурыз 15:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы тұрғындары дүрлігіп кетті - Сағынтаев түсініктеме берді

3 492 просмотра

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала дәріханаларында кезектің көбеюіне байланысты жағдайды түсіндірді.

Айтуынша, тұрғындар сұранысына ие дәрілер тоқтаусыз жеткізіліп жатыр. 

"Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препарат, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті", -деп жазды Сағынтаев Facebook парақшасында.

Айтуынша, қала дәріханаларына 30 мың термометр қойылды. Ал қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мыңкардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмек бар.

"Күн сайын қаладағы 105 дәріханаға дәрі-дәрмек жөнелтіледі. Бірақ олар тез сатылып кетуде. Десе де, іркіліс болмайды. Шілде айының соңына дейін 1,2 миллион аспирин, 930 мың парацетамол, 350 мың ибупрофен, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі", -деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі жағдайдың бақылауда екенін, дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол берілмейтінін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Алыпсатарлар жазаланады, деп нақтылады сөзін Сағынтаев.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 51 059 адамға жетті. 16 928 адам жазылып шықты, 264 адам қайтыс болды.


8 шілде 2020, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.