Атырау, 16 қаңтар 06:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Нұр-Сұлтанда күніне 300 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылады

2 675 просмотра

Нұр-Сұлтанда маусым айында ауруханаға пневмониямен 1700 адам түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

"Нұр-сұлтан бойынша электрондық денсаулық сақтау филиалының ресми ақпараты бойынша, маусымда пневмониямен ауыратын науқастар 2,2 есе көп тіркелген. Күн сайын 200-ге жуық, соңғы күндері 300 пациент пневмониямен ауруханаға жатқызылып жатыр", - деді Қисықова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың бір бөлігі үйде ем алып жатыр. Сондай-ақ, күн сайын қалада 50-60 жағдай тіркелетіні айтылады.

7 шілде 2020, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.