Атырау, 26 қаңтар 2116
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 517.84
€ 543.11
₽ 5.28

Шымкентте 9 медициналық қызметкер екіжақты пневмониядан қайтыс болды

2 555 просмотра

Шымкентте бір ай ішінде 9 медицина қызметкері екіжақты пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-те қайтыс болған дәрігерлердің видеоролигі пайда болды. Онда дәрігерлердің коронавирустан қайтыс болғаны айтылады.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, роликте көрсетілген 9 дәрігер Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істеген.

"Олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында қайтыс болды. Қайтыс болған дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және тағы басқа болып жұмыс істеді. Олар үздік мамандардың бірі болды. Медицина қызметкерлерінің өліміне екіжақты пневмония себеп болып отыр", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.
8 шілде 2020, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS
Пропустить