Атырау, 17 тамыз 18:04
 дождьВ Атырау +31.2
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Атырауда

Шекара іргесіндегі ауыл Атырауда

Шекара іргесіндегі ауыл

Жақында Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылындағы Ресеймен шекаралас Қиғаш өзенінің бойындағы учаскеде демаркациялық тосқауыл орнатылып, кейін ауыл тұрғындарының наразылығынан кейін оны алып тастаған соңғы оқиғалар көпшіліктің  назарын аударды. «АЖ» тілшісі сол жердегі жағдаймен әрі  ауылдың күнделікті өмірімен танысу үшін Көптоғайға барып келді. Сурет Бейнежазба 29 сәуір 2021, 12:16 6 949 рет қаралды
Контрабандалық жүк тиеген көліктің шытырман оқиғасы: екінші сот не шешеді Атырауда

Контрабандалық жүк тиеген көліктің шытырман оқиғасы: екінші сот не шешеді

«АЖ» №2 қалалық сот Вадим КИМДІ 268 миллион теңге сомада импорттық темекінің ірі партиясын ұрлағаны үшін  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы бойынша (Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) 5 жылға бас бостандығынан айырғанын хабарлаған еді. Енді облыстық сот алқасына берілген апелляциядан кейін іс қайта қаралуда. 29 сәуір 2021, 11:15 3 937 рет қаралды
Ескі қала жаңаратын болды Атырауда

Ескі қала жаңаратын болды

Қаланың егжей-тегжейлі бас жоспарына сәйкес, қаланың көркін кетіріп тұрған 750 гектар алаңда орналасқан ескі жеке тұрғын үйлер бұзылып, орнына жаңа заманауи көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА хабарлады.   28 сәуір 2021, 15:41 5 101 рет қаралды
Көптоғай ауылында әйел 4 айлық сәбиін пышақтап тастады Атырауда

Көптоғай ауылында әйел 4 айлық сәбиін пышақтап тастады

26 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында 41 жастағы әйел өзінің 4 айлық баласын өлтірді. «AЖ»-ға белгілі болғандай, қатты жылағаны үшін нәрестесін бірнеше рет асүй пышағымен ұрған. 28 сәуір 2021, 15:08 3 981 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Атырауда

Оқиғалар тізбегі

«Мотоцикл» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 сәуірде сағат 23:40 шамасында Махамбет көшесіндегі №116 үйдің жанында патрульдік полиция қызметкерлері скутерді тоқтатты. Оның жүргізушісінің куәлігі жоқ екен. Ал 5 жылдан бері ҚР-да мопед пен скутерді тіркеу және жүргізуші куәлігінің болуы міндеттелді. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы») бойынша хаттама толтырылып, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды. Скутер арнайы тұраққа қойылды. 28 сәуір 2021, 10:55 3 688 рет қаралды
Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма? Атырауда

Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма?

Сәтпаев даңғылындағы жаңа жерүсті өткелінің тым биік екендігі, ал арнайы лифтіні магнит кілттің көмегімен тек мүгедектер ғана пайдалана алатыны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін Атырау әкімдігі лифтінің қажет болған жандардың бәрі үшін жұмыс істейтінін хабарлады. 28 сәуір 2021, 10:41 3 213 рет қаралды
Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай «АЖ» не туралы жазды

Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай

Бұл трагедия 1961 жылы 2 мамырда – тура 60 жыл бұрын болды. Сол кезде «Бүкіл еңбекшілердің ынтымақтастығы күніне» орай жолаушылар катерімен Жайық бойында серуендеу арқылы мерекені атап өтетін. Оның үстіне көктемнің нағыз ортасы болатын, 1 мамыр мерекесінен кейін адамдар көңіл көтеруді жалғастырмақ болған. Өкінішке орай, бұл ондаған адамды ажал құштырған қайғылы оқиғаға ұласты. 28 сәуір 2021, 03:19 6 772 рет қаралды
Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды Атырауда

Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды

NCOC компаниясы Каспий теңізінің түбінен кеме қатынасы каналын салғалы жатыр деген хабар тұрғындарды дүр сілкіндірді.  Дегенмен, мұны жаңалық деуге келмес - «Қашаған кен орны нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіздегі кеме қатынасы каналдары» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар былтыр қыркүйектің соңында өткен еді. 28 сәуір 2021, 02:20 4 988 рет қаралды
"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды" Атырауда

"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды"

Жел ұшыра ма, әлде тазалық мәдениетінен жұрдайлардың ісі ме, Атыраудың көшелері қоқысқа толы. «АЖ» осыған қатысты «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ИЗТЕЛЕУОВКЕ бірнеше сұрақ қойды. Сурет Бейнежазба 27 сәуір 2021, 13:06 4 404 рет қаралды
Cот хроникасы Оқиға

Cот хроникасы

Құрманғазы аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша («Тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен балық аулау қағидаларын өрескел бұзу») әкімшілік істі қарады. Сот оның биыл наурыз айында Қиғашта тыйым салынған «экран» құралымен балық аулағанын анықтап, 40 838 теңге көлемінде айыппұл салды. Құрал тәркіленіп, жойылды. 27 сәуір 2021, 11:39 3 921 рет қаралды
Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай? Экономика

Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай?

Қазір Атырауда күнбағыс майының шекті бағасы литріне 686 теңге, 1-санаттағы он жұмыртқа 444 теңге болып белгіленді. Бұл туралы брифингте қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ мәлімдеді. 27 сәуір 2021, 15:43 5 369 рет қаралды
Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін Атырауда

Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін

Жақында Қазақстан полициясының сайты Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген алты дана қызғалдақ үзіп алған ер адамның ұсталғанын және ҚР ҚК 339-бабы бойынша («Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») оған 8 млн 751 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы, тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екенін хабарлады. Алты қызғалдақ үшін сонша жазалай ма?! – деп сұрайтын шығарсыз. "Иә, осындай", - деп растады Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясындағылар. Сурет 26 сәуір 2021, 17:42 6 152 рет қаралды
Жаңа жерүсті өткелі бәріне қолайлы емес Атырауда

Жаңа жерүсті өткелі бәріне қолайлы емес

Атырауда Сәтпаев даңғылында музыка академиясының жанында жерүсті өткелі ашылды. Тиісінше, жолдағы «жолақ» алынып тасталды. Алайда өткел егде жастағы адамдар үшін өте биік орналасқан, ал лифтіні пайдалану үшін магнит кілт болуы керек. Сурет Бейнежазба 26 сәуір 2021, 14:24 3 185 рет қаралды
Макс Боқаев тағы да алаңға шықты Атырауда

Макс Боқаев тағы да алаңға шықты

24 сәуірде азаматтық белсенді Мақс Боқаев тағы да Махамбет пен Исатай орталық алаңына шықты. Оның қасында Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюросы Атырау филиалының жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВА және қоғам белсендісі, «Ембімұнайгаз» ардагері Оқиза МАХАМБЕТОВА болды. М.Боқаевтың айтуынша, онымен бірге тағы екі жігіт келген. 26 сәуір 2021, 10:40 2 998 рет қаралды