Атырау, 23 қараша 18:20
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Танымал» бар тағы да көзге түсті

2 420 просмотра

1 тамызда Атырауда таңғы 4 шамасында  «танымал» «Рыба моей мечты» караоке-барының күзетшісі мониторинг тобының мүшесін соққыға жықты.

Бар барлық тыйымға қарамастан түнімен жұмыс істеді. Атырау қаласы әкімдігі жанындағы мониторинг тобының мүшелері ереже бұзушылықты рәсімдеу үшін ішке кірмек болған. Бірақ күзетші кедергі келтіріп, қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкеріне жұдырық ала жүгірген.

- Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

3 тамыз 2021, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.