
Ұлытау облысында банк қызметкері өңірдің үш тұрғынын сақтандыру төлемдерін алу үшін құжаттарды ресімдеуді ұсына отырып алдаған. Қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ол шамамен 200 мың теңгені жымқырған.
Заңбұзушылықтарды Ұлытау облысының прокуратурасы екінші деңгейлі банктердің қызметтік тергеу материалдарын зерделеу барысында анықтады.
Анықталғандай, банк менеджері клиенттерді адастырып, оларды сақтандыру төлемдерін ресімдеу қажеттігіне сендірген. Осы сылтаумен қаржы ұйымының қызметкері азаматтардың ақшасына ие болған.
Алаяқтық әрекеті салдарынан Ұлытау облысының үш тұрғыны зардап шекті. Оларға келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңгені құрады.
Іс материалдары сотта қаралды. Банк менеджеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды.
В Атырау +5.1