Атырау, 23 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысының 145 мың тұрғыны Covid-19-ға қарсы екпе алды

1 404 рет қаралды

Вакциналардың толық кешенімен 100 мыңнан астам адам егілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Өңірде халықты covid-19-ға жаппай вакцинациялау жалғасуда. 

2 тамыздағы мәліметтер бойынша, "Спутник V", "QAZVAC" вакциналарының I компонентін 1490 жергілікті тұрғын алды. 
2021 жылғы 1 ақпан мен 2 тамыз аралығында барлығы "Спутник V", "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 145 185 адам егілді.  II компонентімен 100 979 жергілікті тұрғын егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 - 02 - 92.

3 тамыз 2021, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.