Атырау, 10 қазан 22:16
 ашықВ Атырау +13
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Алаңдағы мас «лаңкес»

Сурет
1 851 просмотра

Атырауда, 1 тамызда кешкі сағат он шамасында полицейлер әлдебір мас адам қаланың Исатай мен Махамбет алаңында жүргенін және қолында жарылғыш зат салынған сөмкесі бар екенін хабарлаған соң, полиция  алаңды қоршап, Тайманов көшесін ішінара жауып тастады.

Саперлер сөмкені тексерді, ішінде иесінің жеке заттары шықты. Оның өзі ұсталды, вахта қызметкері екен.

- 1976 жылы туған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды, - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

 Бұл жыл басынан бері террористік акт туралы төртінші жалған хабар.

Фархат ӘБІЛОВ

2 тамыз 2021, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.