Атырау, 10 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +13
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

2020 жылдың шілдесінен екі еседей көп ауру жұқтырды

1 145 просмотра

Үш күн бұрын ковид бойынша «қою қызыл» аймақ ұғымы енгізілді . Атырау облысы бірден қауіпті деңгейдегі осы аймаққа енді. Биыл шілдеде біздің аймақта 9445 адам (2020 жылдың шілдесінде - 5 867), пандемия басталғалы бері - 35 377 адам ауру жұқтырды, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте.

Өңірде аурудың көбеюіне байланысты 934 жұқпалы аурулар кереуеті ашылды, жалпы жұқпалы аурулар кереуетінің саны - 3012. Бұдан басқа, 480 орындық резервтік жұқпалы аурулар стационары дайындалды. Сонымен қатар, 368 кереуеттік карантин стационары жұмыс істейді.

Ал ахуал ушығуда. Соңғы 10 күнде жұқпалы аурулар стационарларында пациенттер саны 24%-ға өсті. Қазір облыстағы жұқпалы аурулар стационарларында 1 549 науқас Covid-19-ға қарсы ем алуда. Жұқпалы аурулар стационарларының жүктемесі 51,4% құрайды.

- Іс жүзінде бұл көрсеткіш аудандар есебінен айқын көрінбей тұр. Атыраудың өзінде жағдай әлдеқайда ушыққан: облыстық ауруханадағы кереуеттер, №2 ауруханада, модульдік стационарда, кардиологиял орталығында, теміржол ауруханасында, ауру жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарды жіберіп жатқан 100 орыннан екі жатақханада орын толы. Егер пациенттерді тұрғылықты жері бойынша бөлетін болсақ, Атыраудағы жұқпалы аурулар стационарларында жалпы саннан 847 адам, Теңіз кен орнында 310, аудандарда - 392 науқас ем алуда, - деді А.Байдуәлиев. – Бұдан басқа, амбулаторлық науқастар санының көбею үрдісі байқалады. Тек соңғы екі апта ішінде олардың саны 50%-ға артты. Қазір бізде ресми түрде амбулаториялық 4334 науқас бақылау есебінде тұр. Егер жағдайлары нашарласа, олар да ауруханаға түсуі мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 тамыз 2021, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.