Атырау, 10 қазан 22:20
 ашықВ Атырау +13
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырауда жалған вакциналау паспортын сатқан тағы екі мебдике ұсталды

Бейнежазба
1 935 просмотра

Бұл қызметке бір емхананың 28 және 30 жастағы екі қызметкері 50 мың теңгеден алған. Екеуі бірігіп жұмыс жасаған: бірі вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты енгізгізіп отырса, екіншісі вакцинаның көзін жойып отырған.    

- Екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206 бабы 1-бөлігі ("Ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағаны анықталуда, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. 

Естеріңізге сала кетсек, күні бұрын Атырауда жалған вакцина паспортын  дайындағаны үшін тұрғындардан 10 мың теңге ақша алып келген 40 жастағы медицина қызметкері ұсталған болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны Атырау облысы ПД ұсынды

2 тамыз 2021, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.