Атырау, 10 қазан 22:21
 ашықВ Атырау +13
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жылыойлық фермерді өлтіргендерге үкім шығарылды

1 830 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты фермер Нұралы Нұртілеуовті өлтірді деп айыпталған Жылыой ауданының үш тұрғынына үкім шығарды.

Сот процесі ақпан айында басталды. Қысқаша еске түсіре кетейік. Былтыр 6 қыркүйекте фермер Нұртілеуов жоғалған жылқыларын мотоциклімен қырға шығып іздеп, өзі хабар-ошарсыз кеткен. Бір апта іздестіргеннен кейін соққы іздері бар, жүрегіне оқ тиген денесі даладағы қараусыз құдықтан табылды. Оны өлтірді деген күдікпен 53 жастағы жергілікті тұрғын, оның 21 жастағы ұлы және 38 жастағы малшы ұсталды. Нұртілеуов оларды мал ұрлады деп санауына негіз болған. Малшы оны өлтіріп, әкесі мен баласы қылмыстың ізін жасырған.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің, жәбірленушілердің айғақтарымен, мәйіттің табылуы туралы хаттамамен, сараптама қорытындыларымен және бейнежазбалармен толық дәлелденді.

- Сотталушы Т.-ға (малшы) жаза тағайындағанда, сот аса ауыр қылмыстың қайталануын ауырлататын жағдай деп санады (Т. Бұрын адам өлтіргені үшін 17 жылға сотталған, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған - Ф. А.). Оған алғашқы үш жылын түрмеде өткізумен 15 жыл 10 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп судья Зарема ХАМИДУЛЛИНА үкімді оқыды. - Сотталушы М. (әкесі) 5 жылға, сотталушы К. (ұлы) - 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Фархад ӘБІЛОВ

3 тамыз 2021, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.