Атырау, 10 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

​Атырау облысында бір тәулікте 381 адам Covid-19 жұқтырған

1 432 просмотра

Атырау облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясымен 381 науқас анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 249 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 52 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 30 науқас, Индер ауданында - 10, Исатайда - 10, Қызылқоға ауданында - 9, Құрманғазы ауданында - 8, Мақат ауданында - 4, Махамбет ауданында - 9 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 221 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 160 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 84 адам емделді.

Қазір 4984 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 200, екінші облыстық ауруханада – 188 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 77, кардиоорталықта - 107, т/ж ауруханасында - 111 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 413, облыстық ауруханада - 71, жатақханада - 103, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 381 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

4 тамыз 2021, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.