Атырау, 23 қараша 00:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау облысының әкімі бірінші орынбасарының жұмыстан босату туралы арызын қабылдамады

3 083 просмотра

Сәуірде сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Серік ҚАМИДОЛЛАНЫ ҚР ҚК-нің 361-бабы («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша кінәлі деп таныды, бірақ «жасаған ісіне өкінуіне байланысты» оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Осыдан кейін басқа салалармен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жетекшілік ететін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВ өзін қызметтен босатуға өтініш берді, бірақ Махамбет Досмұхамбетов қатаң сөгіс берумен шектеліп, арызын қабылдамады.

- Расында да,« Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, С.Айдарбеков сот шешімінен кейін 10 күн ішінде отставкаға кетуге өтініш берді, бірақ облыс әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданумен шектелді, - деп растады облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА.

Бұл шешімнің заңға қаншалықты сәйкес келетіні белгісіз, бірақ Серік Айдарбеков Атыраудағы «ақ үйдің» ішіндегі маңызды тұлға: тек қазіргі қызметіне байланысты емес, мұнайлы өңірдегі қызметке тағайындалғанға дейін ол үш жыл бойы ҚР Мәжіліс аппаратын басқарды, сондықтан елордада жақсы таныстары бар.

Махамбет Досмұхамбетовтің өзіне келетін болсақ, баспасөз қызметі төмендегідей ескертті: заң бойынша, егер оның орынбасарларының бірі немесе аудан әкімі сотталса, облыс әкімі қызметінен кетуі тиіс, яғни бөлім басшыларының біріне қатысты үкім өңір басшысына әсер етпейді.

Ал пара алды деген айыппен сотталып жатырған оның бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ – бөлек мәселе. Егер сот оны кінәлі деп үкім шығарса, онда уәдесі бойынша Досмұхамбетовке лауазымынан босату туралы арыз беруге тура келеді. 

Фархат ӘБІЛОВ

3 тамыз 2021, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.