Атырау, 27 желтоқсан 07:43
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қосалқы мердігерлердің ашу-ызасы: «Егер ақшамызды алмасақ, қайта-қайта митингке шығамыз»

Сурет Бейнежазба
1 755 просмотра

30 шілдеде 20-ға жуық кәсіпкер облыс әкімдігі ғимаратының алдына митингке жиналып, мердігер «Global Stroy Astana» ЖШС-нен 2018-2019 жылдары орындалған қосалқы мердігерлік жұмыстар үшін ақша төлеуін талап етті. Бірақ көп тұрмады - оларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВПЕН кезедсу үшін ішке кіруге шақырды.

Жиналғандардың айтуынша, «Global Stroy Astana» 100-ден астам бизнес субъектісіне қарыз болған, бірақ карантин шектеулеріне байланысты олардан делегация келді деуге болады.

Әкім орынбасарымен кездесуде, «Global Stroy Astana» ЖШС-нің Құлсары-Теңіз су құбырының (тапсырыс беруші ТШО), Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырының, Шманов атындағы МАС, «Исатай» КҚК-на (тапсырыс беруші «КТК -К» АҚ) құрылыс жобалары бойынша қосалқы мердігерлер алдындағы жалпы қарызы 1 млрд-тан астам екені жарияланды. Мысалы, «UK Solution» ЖШС алдында 12 миллионға жуық, «Сарсекенова» ЖК-не 8,7 миллион, «Жұмашева» ЖК-не 2,7 миллион және т.б. Бұдан басқа, басқа бір мердігер «Арал Сервис» ЖШС-нің алдында да үлкен қарызы бар. Тапсырыс берушілермен және мердігерлермен жасалған келіссөздер, жазбаша талаптар нәтиже бермеді, содан кейін қосалқы мердігерлер сотқа жүгінді. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты олардың пайдасына шешім шығарды, бірақ ол әлі орындалмаған. Ал мемлекет басшысының атына жазылған хатқа Әділет министрлігінен жауап келді: «Global Strоy Astana» ЖШС мен «Арал Сервис» ЖШС-не қатысты жеке және заңды тұлғалардың пайдасына қарызды өндіру бойынша 55 атқару актісі бар, бірақ оларды орындау борышкерлерден өндіріп алуға болатын мүліктің болмауына байланысты жүзеге асыру қиын.

Кәсіпкерлердің реніші көбейді. «Энергооргмонтаж» ЖШС директоры Геннадий КИМ де ашулы болды:

- Мен 2019-2020 жылдары «КТК-К» АҚ нысандарында жұмыс істедім. Ол жердегі қарыз 8 миллион теңге, бірақ әлі күнге дейін маған бұл ақша төленбеді. «Арал Сервис» әлі де КТК-K мердігері болып жұмыс істейді, тапсырыс беруші онымен уақытында есептеседі, ал біз, қосалқы мердігерлер бұл ақшаны көрмейміз. «Global Stroy Astana» ЖШС-нің «Арал Сервиспен» үлестес екені баршаға аян ғой. Екі жылдан бері осылай «анда-мында лақтыру» жалғасып келеді. Оларды орындарынан ұстау мүмкін емес. Сот шешімі бар, бірақ ол орындалмайды. Жалпы, елде заң жұмыс істей ме?

Кездесуге қатысқан «КҚК-К» АҚ өкілі былай жауап берді:

- Біз «Арал сервис» компаниясымен толық есептестік. Қазір біздің серіктестігіміз аяқталуда. «КҚК Исатай» жобасы бойынша осы келісімшартты басқа компанияға береміз, өйткені қазір «Арал Сервистің» бұл жобаны аяқтауға мүмкіндігі жоқ.

Ким:

- Бұл сонда «біз бен сіздің шаруамыз жоқ, «Арал сервиспен» өздерің шешіңдер деген сөз ғой…

Содан кейін «Арал Сервис» ЖШС өкілі былай деді:

- Біз қазір қаржылық қиындықтарға тап болдық, бірақ барлық міндеттеме орындалды, бүкіл төлем «Global Stroy Astana» арқылы уақытында жүргізілді, бірақ ол соңғы алушыға жеткен жоқ, өйткені «Global Stroy Astana» банк шоттарына тыйым салынды. Сәйкесінше, бұл сомалар басқа қарыздар бойынша есептен шығарылды.

Алматыдан «Global Stroy Astana» ЖШС басшысы Нұрлан МАЗҒАЛИ ZOOM арқылы қосылды:

- Біз әлі екі жоба бойынша ақша алған жоқпыз, оны алған бойда сіздің қарыздарыңызды жабамыз. Қаржының түсуіне қарай төлейміз.

- Қашан?! Үш жыл бойы ақша болмады, әлі қанша күту керек? – деп кәсіпкерлер тағы шулады.

- Нақты уақытын айта алмаймын, екі ай ішінде болар деп үміттенемін.

Зал іші гуілдеп кетті, әкімнің орынбасары дау шығармай, мәселені тыныш жағдайда шешуді сұрады. Қосалқы мердігерлер бәрібір шулап, біз оларға көптен бері сенбейміз, нақты күнін атасын: «Әйтпесе, біз қайта -қайта митингке шығамыз» деді.

Нәтижесінде «Global Stroy Astana» ЖШС басшысы келесі аптаның басында Атырауға келіп, қосалқы мердігерлермен жүзбе -жүз кездесіп, сол жерде сұрақтарға, соның ішінде, неге «Global Stroy Astana» есепшісі оларға орындалған жұмыстарды салыстыру актісі мен шот-фактураларды бермейді деген сұраққа жауап береді деп келісілді.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

2 тамыз 2021, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.