Атырау, 10 қазан 22:15
 ашықВ Атырау +13
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Субұрқақтар неге жұмыс істемейді

Сурет
2 398 просмотра

Осы аптап ыстықта Атыраудың субұрқақтары қалай жұмыс істеп тұр, неліктен көбінің құрылысы аяқсыз тұр? Бұл туралы біз қала әкімдігіне сауал жолдағанбыз. Төменде баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАРОВТЫҢ жауабы беріліп отыр:

«Жаңа жағалаудағы және Исатай Махамбет алаңындағы субұрқақтар күндізгі сағат 9-19:00 аралығында ғана жұмыс істеп тұр – бұл коронавирусқа қатысты шектеулерге байланысты. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, адам көп жүретін уақытта субұрқақтар өшірілуі тиіс. Мысалы, адам жиналмайтын «Ақжайық» қонақ үйі алдындағы субұрқақ үздіксіз қосулы.

Бұдан бөлек, Атырау қаласында 9 субұрқақтың құрылысы былтырдан тоқтап тұр. Атап айтсақ, бұл Құрманғазы және Қ.Смағұлов атындағы аллеяларда, Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің алды, Жеңіс саябағы, Музыкалық академия ғимаратының алдындағы субұрқақтар. 2019 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер «Еңбек» РМК мен тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі арасында жалпы сомасы 1 млрд 92 млн теңгеге келісімшарт жасалған. Орындалған жұмыстар актісіне сәйкес 2019 жылы 816 миллион теңгесі игерілді. Ақаулы акт жасалып, соған сәйкес құрылысты аяқтау үшін сметалық құжаттама әзірленді. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін қайта конкурс өткізіледі».

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

3 тамыз 2021, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.