Атырау, 10 қазан 22:09
 ашықВ Атырау +13
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

«Әзірге жаппай қырылған жоқ, бірақ оның ауылы алыс емес»

Сурет
1 507 просмотра

Біздің өңіріміз қатты құрғақшылық болу қаупі бар аймақта тұр. Әсіресе келесі жылдан қауіптену керек, деп есептейді Қызылқоға ауданының фермерлері. Неге осы аудан және мал өсірушілер қандай көмек күтеді? Толығырақ - «АЖ» материалында.

Қызылқоға бүгінде мал азығы бойынша Атырау облысының басқа аудандары үшін «донор» болып жүр. Бірақ Ойыл өзені әрі қарай да таяздана берсе, көп ұзамай бұл жерде де азық азаяды, - дейді республикалық «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» ҚБ аудандық филиалының жетекшісі Әнуар МҰХАМБЕТИЯРҰЛЫ (суретте). Оның айтуынша, Қызылқоғаның шөбі, атап айтқанда, Жылыой мен Исатай аудандарына жеткізіледі. Мұхамбетиярұлы өзінің «Аян» шаруа қожалығында абердин-ангус тұқымды сиыр және еділбай тұқымды қой өсіреді. Барлығы 150 сиыр, 900-ге жуық қой мен 30 жылқы ұстайды. Ол жыл сайын Қостанайдан бір тоннасын 90 мың теңгеден 20 тонна аралас жем сатып алатынын, бірақ жемшөп дайындау маусымы қызған кезде бағасы 120 мың теңгеге дейін жететінін айтады.

- Әрине, бұл өте қымбат. Жергілікті билік бізге бұл шығындардың бір бөлігін субсидияласа жақсы болар еді, - дейді сұхбаттасым. – Ал шөпті өз жерімде дайындаймын. Жер телімін жалға аламын, оның өзі жартылай бос жер. Егер Ойыл өзені әрі қарай да тайыздана берсе және заңсыз салынған бөгеттер бұзылмаса, жақсы болмайды. Өйткені Қызылқоғада шөп азайса, бұл Атырау облысының бүкіл ауыл шаруашылығына қатты соққы болады. Биыл қыста азықтың тапшылығынан малдың жаппай қырылуына жол бермеуге тырпыстық, бірақ соған қарамастан, кейбір малшылар бірнеше ондаған сиырынан, бұзауы мен қойынан айырылды. 

Жылқыға келер болсақ, соңғы жылдары олардың саны көбейді, себебі бұл «оңай» кәсіп: иелері оларды бір жылға дейін ұстайды, содан кейін союға жібереді. Жылқыны ұстау оңайырақ - олар 5-6 шақырым радиуста қыстауға жақын жерде жайылатын сиыр мен қой емес. Бірақ жылқы табыны шабындықты таптап тастайды, олар жүріп өткен жерде шөп қалмайды. Сондықтан жерді қоршауға тура келетін шығар.

Жергілікті фермерлердің проблемаларын шешу үшін, Мұхамбетиярұлы, жоғарыда айтылғандай, оларға аралас жемді төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік беруді, сондай-ақ субсидия алу үшін құжат айналымын жеңілдетуді ұсынады. Оның айтуынша, фермерлердің көпшілігі өтінімді толтыру рәсімдерінің күрделілігіне және көп құжаттар сұралуына байланысты субсидия ала алмай отыр.

- Кейде маған алғысы келетіндердің қарасын азайту үшін рәсімді әдейі күрделендіріп қойғандай  көрінеді. Мен өз кәсібімді 2017 жылы аштым, содан бері ережелер мен шығындарды, мысалы, бұқаны немесе қандай да бір техниканы сатып алу үшін куәландыратын құжаттар жүктелетін цифрлық платформалар әлденеше рет өзгерді, - дейді Мұхамбетиярұлы. Екі жоғары білімі бар оның өзіне цифрлық платформаны меңгеру үшін үш ай уақыт кеткен. Мұны жеңілдету үшін жергілікті фермерлер өтініштерін толтыруға көмектесетін менеджер жалдаған.

- Ауыл шаруашылығы субсидиялары бойынша Атырау облысы елімізде соңғы орында. Көпшілігі атыраулықтарға ақша қажет емес, олар бай деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Жай ғана, біздікілер бүкіл осы құжаттарды рәсімдеу мен жинау бойынша жеткілікті сауатты емес. Кейбіреулер осындай қағазбастылықтың кесірінен қолды сілтеп, өз ісін жарты жолда тастап кетеді, - деп қынжылыс білдірді қызылқоғалық фермерлер көшбасшысы. 

Айнұр САПАРОВА

Әнуар Мұхамбетиярұлы ұсынған суреттер

3 тамыз 2021, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.