Атырау, 22 қараша 14:45
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

​«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры: Жұмыс беруші еңбек құқығын бұзса, бізге хабарлаңыз​

1 106 просмотра

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорыеңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда 1 млн астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр. 

Соның бір мысалы ретінде жұмысшы Никита Плетневтің жағдайын келтіре кетсек. Ол Ақмола облысы, Талапкер ауылында газ құбырын жүргізуге жұмысқа алынады. Өз жұмысын тиянақты атқарса да, жұмыс беруші онымен еңбек шартын жасаспайды және соны желеу етіп, еңбек ақысын толық көлемде төлемейді.

Экономикадағы мұндай «көлеңкелі» құбылыстармен мемлекет барынша күресіп жатқанмен, ресми деректер еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүрген азаматтардың аз емес екенін көрсетіп отыр. Олардың арасында жастар да, егде жастағы азаматтар да, ауыл еңбеккерлері мен қалалық кәсіпорын қызметкерлері, білімі жоқ азаматтармен қатар, дипломы бар қазақстандықтар да бар.

Қоғамдық қор барлық қазақстандықтан еңбек шартынсыз жұмысқа алу фактісі туралы хабарлауды сұрайды. Өзіңіз, досыңыз немесе туысыңыз келісімшартсыз жұмыс істесе, жұмыс беруші еңбек құқығын бұзса – Қорға хабарлаңыз.

Сіздің көмегіңіздің арқасында Қор осы мәселеге барынша назар аударып, оны шешуге өз үлесін қоса алады. Ақпаратты +7 778 9780212 нөмірі бойынша немесе adil.enbek@gmail.comпоштасына жіберуге болады. Қажет болған жағдайда Қор өтініштің құпиялылығына кепілдік береді. 

10 қазан, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.