Атырау, 10 қазан 21:27
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жасөспірім Жайыққа батып кетті

1 537 просмотра

2 тамызда қала маңындағы Томарлы ауылында Жайыққа шомылып жүрген 17 жастағы жасөспірім  суға батып кетті. ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына қоңырау 19 сағат 14 минутта түскен. Сағат 21:03-те дене судан шығарылды.

Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 21 адам қаза тапты, оның 7-уі бала, 3 адам құтқарылды, оның 2-уі бала.

Шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар 356 профилактикалық рейд жүргізді, оның ішінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд жүргізілді. Белгіленбеген орындарда шомылғаны үшін 369 хаттама толтырылды, жалпы сомасы 200 мың теңгеден астам сомада айыппұл салынды. 

Айнұр САПАРОВА

Атырау облысы ТЖД ұсынған суреттер

3 тамыз 2021, 20:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.