Атырау, 3 маусым 19:45
 дождьВ Атырау +23.5
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Барлық жаңалық

​Ермек Көшербаев ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды Қазақстанда

​Ермек Көшербаев ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  29 мамыр 2018, 09:18 2 774 рет қаралды
Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы - 2 Басқа жаңалықтар

Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы - 2

Бір жыл бұрынғы Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен екі жыл балық аулауға толық тыйым салу туралы батыл ұсынысын  елордалық шенеуніктер сағалық кеңістіктерден балық аулауды шектеумен өзгертті. Егер бұл ұзаққа созылатын болса, онда жайбарақаттықпен балықты сарқып аулау аяқталады. 29 мамыр 2018, 01:02 5 313 рет қаралды
Жаз: балаңыз қайда демалады? Басқа жаңалықтар

Жаз: балаңыз қайда демалады?

Мектепте сабақтар аяқталып, балалардың демалатын уақыты басталды. Бұл мақсатқа Атырау облысы бюджетінен 597 млн теңге бөлінеді, мұның 332 миллионы Махамбет ауданындағы «Арай» лагерін күрделі жөндеуге жұмсалады. 28 мамыр 2018, 21:19 3 074 рет қаралды
Есік алдындағы есірткі-2 Оқиға

Есік алдындағы есірткі-2

Биылғы ақпан айында «АЖ»-ға қожайыны есірткі заттарын ашық сатумен айналысатын Привокзальный ықшамауданы Баймұханов көшесі, 43-үйдегі пәтер туралы материал жарияланған еді. Нашақорлардың озбырлығынан қиналып кеткен тұрғындар өз подъездеріне бейнебақылау камерасын орнатқан. Ондағы жазбаларда сырттан келушілердің түсініксіз таблеткаларды қылғытып, мұрындарына тамшылар тамызып, өздеріне ине салатыны көрінеді. 28 мамыр 2018, 17:05 2 963 рет қаралды
​Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті болып шықты Қазақстанда

​Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті болып шықты

Таяуда Германияда ұсталған Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  28 мамыр 2018, 16:19 2 296 рет қаралды
​Маңғыстауда жарылыстан зардап шеккен 2 мұнайшы Астана мен Мәскеуде көз жұмды Қазақстанда

​Маңғыстауда жарылыстан зардап шеккен 2 мұнайшы Астана мен Мәскеуде көз жұмды

Маңғыстау облысындағы кен орнында болған жарылыстан зардап шеккен 3 мұнайшының біреуі әлі ауыр халде. Ол Астана қаласының №1 ауруханасында  жатыр. Ал, қалған 2 мұнайшы 26 мамыр күні қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  28 мамыр 2018, 16:21 5 150 рет қаралды
Екінші "ақ үй": әзірге қағаз жүзінде Басқа жаңалықтар

Екінші "ақ үй": әзірге қағаз жүзінде

Атырау облыстық құрылыс басқармасы "Атырау" мәдениет орталығын бұзып, орнына облыстық әкімдікке жалғанған жаңа ғимарат салу жобасын жүзеге асыруды бастау туралы ақпаратты растады. Жоба құны - 7,3 млрд теңге.  Толықтырылды 25 мамыр 2018, 17:08 6 867 рет қаралды
​Берлинде халқы жаппай ереуілге шықты Әлемде

​Берлинде халқы жаппай ереуілге шықты

Германия астанасы Берлинде халық жаппай ереуілге шықты. Олар Ангела Меркельдің саясатына қарсы наразылықтарын білдірді. Бұл шараға оңпопулистік «Германияға альтернатив» партиясынан 5 мыңға жуық адам қатысты.  28 мамыр 2018, 14:38 2 357 рет қаралды
​«Бес жұлдыз қозғалысы» Италия президентіне импичмент жариялауды талап етті Әлемде

​«Бес жұлдыз қозғалысы» Италия президентіне импичмент жариялауды талап етті

Италияның үкімет төрағалығына «Бес жұлдыз қозғалысы» партиясының қолдауымен ұсынылған Джузеппе Конте өз мандатынан бас тартты. Саясаткердің осындай шешім қабылдауына Серджо Маттарелламен арадағы түсініспеушілік себеп болды.  28 мамыр 2018, 14:36 1 638 рет қаралды
Өмірзақ Шөкеев шаршағанда қалай демалатынын айтты Қазақстанда

Өмірзақ Шөкеев шаршағанда қалай демалатынын айтты

Саясаткердің айтуынша, жұмыс пен бос уақыт арасында теңгерім таба білу қажет. ҚР премьер-министрінің орынбасары және ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев журналистерге бос уақытында немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 28 мамыр 2018, 14:35 2 007 рет қаралды
Шөкеев "ҚазАгро" компаниясының шығыны себебін айтты Қазақстанда

Шөкеев "ҚазАгро" компаниясының шығыны себебін айтты

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев "ҚазАгро" ұлттық компаниясының былтыр 120 миллиард теңге шығыны себебін түсіндірді деп хабарлады Азаттық тілшісі. Астанада үкімет сағатынан соң журналистер сауалына жауап берген Шөкеевтің айтуынша, компаниядағы қаржы тапшылығының екі себебі бар. 28 мамыр 2018, 14:32 1 469 рет қаралды
​ҚР СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады Қазақстанда

​ҚР СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған  этникалық қазақтарды босатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  28 мамыр 2018, 13:29 1 542 рет қаралды
Жағажайдан наз кетті-2 Басқа жаңалықтар

Жағажайдан наз кетті-2

Атырауда ресми түрде танылған екі жағажай бар – ДСК жанындағы және Жилгородоктағы. Қазір олардың 15 маусымдағы шомылу маусымының ашылуына дайын болмайтындығын батыл болжауға болады. Бәрі де дәл былтырғыдай. Өйткені жергілікті билік жағажайларға қызмет көрсету тендерін өткізуді тоқтатты. Кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғалды ма, әлде басқа себептермен бе, бірақ қаражат екінші жыл қатарынан бөлінбей отыр. Сурет 28 мамыр 2018, 12:54 2 228 рет қаралды
АҚШ Сирияға бітім шартынан ауытқымауды ескертті Әлемде

АҚШ Сирияға бітім шартынан ауытқымауды ескертті

АҚШ Сирия президенті Башар Асадқа оның армиясы елдің оңтүстігіндегі көтерілісшілер топтарына қарсы кез-келген іс-қимылға баратын болса, оған жауап ретінде "қатаң әрі тиісті шаралар" қолданатыны туралы ескертті. 28 мамыр 2018, 11:06 1 946 рет қаралды
Шетелден әкелiнетiн құс етi талаптарға сай келмейдi – Божко Қазақстанда

Шетелден әкелiнетiн құс етi талаптарға сай келмейдi – Божко

Шетелден елiмiзге әкелiнетiн құс етi сынамаларының 20,3 пайызының техникалық регламент талаптарына сай келмейтiнi анықталған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы тақырыбына арналған Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты Владимир Божко айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 28 мамыр 2018, 11:01 1 402 рет қаралды
ҚР омбудсмені Ресей омбудсменіне Томирис Байсафаның ісіне қатысты өтініш жасады Қазақстанда

ҚР омбудсмені Ресей омбудсменіне Томирис Байсафаның ісіне қатысты өтініш жасады

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров РФ омбудсмені Татьяна Москальковаға Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студенттің ісіне қатысты өтініш жасады, деп хабарлайды Today.kz Асқар Шәкіровтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  28 мамыр 2018, 10:56 1 774 рет қаралды
​БҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін бекітті Қазақстанда

​БҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін бекітті

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларды мектепке қабылдауға қатысты жаңа ережелер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  28 мамыр 2018, 10:53 2 276 рет қаралды
Ratel порталы сот шешімімен бұғатталды Қазақстанда

Ratel порталы сот шешімімен бұғатталды

Бас редактор Марат Әсіпов пен басқа қызметкерлерге сайт материалдарын өзге БАҚ-та және әлеуметтік желіде жариялауға тыйым салу туралы арыз жартылай қанағаттандырылды. Алматыда Медеу ауданы азаматтық істер бойынша сотта Ratel.kz порталы қызметін тоқтату туралы прокуратура арызына қатысты шешім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 28 мамыр 2018, 10:40 2 155 рет қаралды
KAZ Minerals Bozymchak басшысы қамаудан босатылды Қазақстанда

KAZ Minerals Bozymchak басшысы қамаудан босатылды

Қазақстан компаниясы топ-менеджеріне қандай айып тағылғанын айтты. KAZ Minerals Bozymchak компаниясының басшысы Ілияс Төлекеев сот залында қамаудан босатылды, деп хабарлады компания өкілдері Sputnik Қазақстанға. 28 мамыр 2018, 10:36 1 633 рет қаралды
Армения президенті Чарльз ханзадаға бақ сыйлады Әлемде

Армения президенті Чарльз ханзадаға бақ сыйлады

Саркисянның айтуынша, Ұлыбритания ханзадасы ұзақ жылдар бойы "Ереван — махаббатым менің" жобасына көмектесіп келеді. Армения президенті Армен Саркисян тілшілерге хабарлағандай, Ұлыбритания ханзадасы Чарльзге республика аумағында шағын бақ сыйлады. 28 мамыр 2018, 10:28 1 475 рет қаралды
​Былғары қолғапты «Арландар» «Арыстан жүректілерден» басым түсті Спорт

​Былғары қолғапты «Арландар» «Арыстан жүректілерден» басым түсті

26 мамырда Атырауда Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалы аясында «Астана Арланс» және «British Lionhearts» бокс командаларының арасында жекпе-жек өткізілді. Сурет Бейнежазба 28 мамыр 2018, 10:20 3 800 рет қаралды
Германияда 25 мың адам исламдандыру мен өшпенділікке қарсы митингке шықты Әлемде

Германияда 25 мың адам исламдандыру мен өшпенділікке қарсы митингке шықты

Берлиннің әр аумағында үш наразылық шеруі өтіп, халық көші-қон мен өшпенділікке қарсылығын білдірді. Берлинде жексенбі күні бірнеше наразылық шеруі болды, 25 мыңнан астам адам митингке шыққан, деп хабарлайды РИА Новости Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ) газетіне сілтеме жасап. 28 мамыр 2018, 10:18 1 971 рет қаралды