Атырау, 30 қараша 02:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Германияда 25 мың адам исламдандыру мен өшпенділікке қарсы митингке шықты

1 854 просмотра


Берлиннің әр аумағында үш наразылық шеруі өтіп, халық көші-қон мен өшпенділікке қарсылығын білдірді. Берлинде жексенбі күні бірнеше наразылық шеруі болды, 25 мыңнан астам адам митингке шыққан, деп хабарлайды РИА Новости Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ) газетіне сілтеме жасап.

Басылым хабарлағандай, наразылық шерулерінің бірін "Германияға альтернатива" деп аталатын оңшылдар партиясы ұйымдастырған. Полиция мәліметіне сүйенсек оған 5 мыңнан астам адам қатысып, "Болашақ Германия үшін" деп ұрандатқан. Олар ФГР канцлері Ангела Меркельдің үкіметі саясатына, Германияны исламдандыруға және көші-қонға қарсы шығыпты.

Бұдан бөлек, бұл күні 20 мыңнан астам адам "Германияға альтернатива" париясы мен төзбеушілікке қарсы митингке шыққан. Олар "Өшпенділікті қойыңдар! Германияға альтернативаны тоқтатыңдар!" деген ұран тастады. Полиция деректері бойынша бірнеше мың адам рейхстаг ғимараты алдындағы орталық митингке қатысты.

Дереккөз: sputniknews.kz

28 мамыр 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.