Атырау облыстық құрылыс басқармасы "Атырау" мәдениет орталығын бұзып, орнына облыстық әкімдікке жалғанған жаңа ғимарат салу жобасын жүзеге асыруды бастау туралы ақпаратты растады. Жоба құны - 7,3 млрд теңге.
Редакциялық сауалымызға жауап берген басқарма басшысы Мәлік АМАНОВ апатты "Атырау" МО ғимараты орнына 54 те 15 метр көлемде (салыстырсақ, облыстық әкімдік - 117х12) тік бұрышты жаңа 6 қатарлы ғимарат салынатынын хабарлады. екі ғимаратты екіқатарлы, ені 6 метр галереялық өткел біріктіреді.
«АЖ»-ға құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұржан МЫРЗАБОЛАТОВ хабарлағандай, тендер нәтижесінде мердігер ретінде астаналық "Казстройподряд" құрылыс компаниясы таңдалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ