Атырау, 19 тамыз 20:26
 дождьВ Атырау +35.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырау облысында 400 АЕК көлеміндегі грантты кімдер алды?

82 рет қаралды

Атырау облысында биыл әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілуде. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жалпы 330 грант бөлу жоспарланған, олардың әрқайсысы 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Тамыз айында 158 азамат грант иегері атанды.

Гранттар кезең-кезеңімен, белгіленген легтер бойынша үлестірілуде. Бірінші лекке өтініштер маусым-шілде айларында қабылданған. Ал грант алғандардың 102-сі ауыл тұрғындары.

Берілген гранттардың ішінде 32-сі инвентарь алуға, 9-ы еңбек құралдарына, 100-і технологиялық жабдықтарға, 6-уы мал сатып алуға, 7-еуі құс алуға бағытталған. Сонымен қатар 3 грант көшет отырғызуға, 1 грант жалға алу шығындарына бөлінді.

Қайтарымсыз грант иегерлерінің қатарында 99 көпбалалы ана, 22 мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 31 ата-ана және асыраушысынан айырылған 6 азамат бар.

Бұл көрсеткіш әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесін көрсетіп отыр: гранттар ауыл тұрғындарына, көпбалалы аналарға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ашуда.

Бүгін, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.