Атырау, 6 қазан 19:19
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Израиль полициясы палестиналық министрді ұстады

553 рет қаралды

Израиль полициясы Палестинаның Иерусалим істері жөніндегі министрі Ашраф әл-Аварды оның үйінде, Сильван ауданында (оккупацияланған Шығыс Иерусалимде) ұстап әкетті. Министрліктің өкілі «Анадолу» агенттігіне берген мәліметінде, полиция ешқандай себеп көрсетпей ұстағанын айтты.

Әзірге Израиль полициясы ресми түсініктеме жасаған жоқ.

Бұған дейін, өткен жылы Израиль билігі министр әл-Аварға Батыс жағалауға кіруге тыйым салған еді, кейін бұл шешім ұзартылды.

2023 жылдың қазанынан бастап Израиль үкіметі Шығыс Иерусалимдегі палестиналықтардың спорттық, қоғамдық, саяси және экономикалық қызметіне шектеулерді күшейткен болатын.

19 тамыз, 20:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.