Атырау, 19 тамыз 20:58
 дождьВ Атырау +35.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

​Неге Қазақстандағы ауыл тұрғындары қаладағы адамдарға қарағанда 40% көп макарон тұтынады

87 рет қаралды

Қазақстанда қала мен ауыл тұрғындарының тамақтану рационында айтарлықтай айырмашылық бар. Өткен жылы әрбір ауыл тұрғынына орта есеппен 22,3 кг макарон өнімдері тиесілі болса, қала тұрғындарына небәрі 16 кг болған. Яғни, ауылдықтар қалаға қарағанда шамамен 40 пайызға көп макарон жейді, деп хабарлайды energyprom.kz.

2026 жылдың алғашқы тоқсанында бұл үрдіс сақталды: ауыл тұрғыны орта есеппен 5,2 кг рожки, вермишель және спагетти тұтынса, қала тұрғыны – 3,7 кг.

«Макаронға тәуелділіктің» себебі неде? 

Сарапшылар мұны экономикалық факторлармен түсіндіреді. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) деректеріне сәйкес, дәнді дақылдардан жасалған өнімдер – ең арзан энергия көзі. Олар толыққанды рациондағы калорияның жартысына дейінін қамтамасыз етеді, бірақ құнының небәрі 1/6 бөлігін ғана құрайды. Сондықтан табыс төмендегенде және отбасы бюджеті қысқарғанда адамдар арзан әрі тойымды тағамды таңдайды. Ал ет, көкөніс пен жеміс әлдеқайда қымбатқа түседі.

Баға өсімі: лапша қымбаттады

2026 жылдың шілдесінде макарон өнімдері өткен жылмен салыстырғанда 11,7%-ға қымбаттады.

  • Шымкентте баға +24,7% өсіп, көш бастады;

  • Ұлытау облысы: +19,1%;

  • Жетісу облысы: +16,6%;

  • Алматы: +16,4%;

  • Астана: +12,8%.

Ең төмен өсім Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – небәрі 4,3%.

Ең қатты қымбаттаған өнім – лапша (+22,9%). Шілдеде оның орташа бағасы 1 кг үшін 1 725 теңгеге жетті. Салыстырсақ: вермишель – 737 теңге, рожки – 516 теңге.

Өндіріс тұрақты, бірақ экспорт артып отыр

2026 жылдың жеті айында отандық кәсіпорындар 88,8 мың тонна макарон өнімін шығарды. Негізгі өндірушілер – Шымкент (17,2%), СҚО (15,9%) және Қостанай облысы (14,9%).

Алайда ішкі нарықта сатылым 16,5%-ға азайған, ал экспорт 54,8%-ға өсіп, 29,1 мың тоннаға жетті. Ішкі нарықтағы тапшылық пен бағаның өсуі қарапайым қазақстандықтар үшін негізгі азық-түліктің қолжетімділігін күрделендіріп отыр.

Бүгін, 19:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.