Атырау, 20 тамыз 05:56
 дождьВ Атырау +24
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43

​Дизель тапшылығы қаупіне байланысты Павлодар МӨЗ-ін жөндеу кейінге шегерілуі мүмкін

184 рет қаралды
Павлодар мұнай-химия зауыты
Павлодар мұнай-химия зауыты

Павлодар мұнай-химия зауытын жоспарлы жөндеу 2026 жылдың күзінен 2027 жылдың наурызына ауыстырылуы мүмкін. Шешім импорттың күрт төмендеуіне байланысты Қазақстанның ішкі нарығында дизель отынының жетіспеушілігі қаупімен байланысты.

Кестеге  қатысты ықтимал өзгерістер туралы Reuters агенттігіне мұнай өңдеу саласындағы кәсіпорын жоспарларымен таныс үш дереккөз хабарлады.

Бұған дейін ПМХЗ-ны күрделі жөндеу 2026 жылдың 18 қыркүйегі мен 17 қазаны аралығына жоспарланған болатын. Бұл мерзімдер «ҚазМұнайГазның» жылдық есебінде де көрсетілген еді.

Агенттік дереккөздерінің бірінің айтуынша, кәсіпорынның күзде тоқтауы дизель отынының тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен бірге, автокөлік бензиніне қатысты жағдай, көрші елдерге отынның айтарлықтай ағыны болмаған жағдайда, тұрақты деп бағаланады.

Трейдерлердің бағалауынша, 14 тамызға қарай Қазақстанның мұнай базаларындағы дизель отынының қоры 323 мың тоннаны құрады. Бір апта бұрын олардың көлемі 327 мың тоннаға жеткен болатын.

Шілде айында Ресейден Қазақстанға теміржол арқылы дизель отынын жеткізу жүзеге асырылған жоқ. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылдың шілдесінде 31,2 мың тонна импортталған еді. Бензин жеткізілімі 123 тоннадан шамамен 50 тоннаға дейін азайды.

Павлодар МӨЗ жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге қауқарлы. 2026 жылдың қаңтар — шілде айларында кәсіпорын 3,765 млн тонна шикізат өңдеді — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық.

Кеше, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.