Атырау, 12 қаңтар 09:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Ермек Көшербаев ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды

2 657 рет қаралды


Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды", - делінген Ақорда сайтында.  

Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. 

Көшербаев Ермек Беделбайұлы - 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген. 

Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған, "Ертіс" ӘКК" ҰҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 мамыр 2018, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.