Атырау, 30 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​«Бес жұлдыз қозғалысы» Италия президентіне импичмент жариялауды талап етті

1 543 просмотра


Италияның үкімет төрағалығына «Бес жұлдыз қозғалысы» партиясының қолдауымен ұсынылған Джузеппе Конте өз мандатынан бас тартты. Саясаткердің осындай шешім қабылдауына Серджо Маттарелламен арадағы түсініспеушілік себеп болды. 

Ел президенті 82 жастағы Паола Савонаны Италияның қаржы және экономика министрі етіп тағайындауға қарсы болды. Бұған Савонаның Италия Еурозонадан шығуы керек деген ұсынысы себеп болды. Президенттің айтуынша, ел саясатындағы мұндай өзгеріс жақсы нәтижеге жетелемейді. 

Есесіне халықтың әл-ауқатының нашарлатып, инвесторлардың Италияға деген қызығушылығын төмендетеді. Маттарелла өз сөзінде сайлаудың жақын арада қайта өтетінін айтты. Алайда коалиция президенттің бұл шешіміне қарсы наразылығын білдіріп, ел басшысына импичмент жариялауды талап етті. 

Себебі Маттарелланың іс-әрекеті Италия үкіметінің уақытылы жасақталуына кедергі болып, елдің саяси ахуалын күрделендіре түсті.

Маттео Сальвини, «Лига» партиясы көшбасшысы:

– Менің көп нәрседен көңілім қалды. Осыған дейін жасаған бар еңбегіміз далаға кетті. Президент жаңа үкімет құрамын қолдамады. Осыдан кейін бізде демократия бар деп айта аламыз ба? 

Луиджи ди Майо, «Бес жұлдыз қозғалысы» көшбасшысы: 

– Біз бұл шешімді қабылдай алмаймыз. Егер бәрін рейтинг агенттіктері мен қаржы лоббистері шешетін болса, несіне дауыс беруді ұйымдастырып әуре болдық? Халықтың бұл жағдайды өзгертуге атсалысуы да ешқандай әсер ете алмағаны қатты қапаландырады. 

Дереккөз: 24.kz

28 мамыр 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.