Атырау, 23 желтоқсан 00:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Шөкеев "ҚазАгро" компаниясының шығыны себебін айтты

1 430 рет қаралды


Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев "ҚазАгро" ұлттық компаниясының былтыр 120 миллиард теңге шығыны себебін түсіндірді деп хабарлады Азаттық тілшісі. Астанада үкімет сағатынан соң журналистер сауалына жауап берген Шөкеевтің айтуынша, компаниядағы қаржы тапшылығының екі себебі бар.

"Біріншісі, кезінде компания шетелден валютамен несие алып, оны басқа екінші деңгейлі банктерге теңгемен салған. Кейін девальвация болған кезде бағам айырмашылығы шықты. Сосын, кейбір екінші деңгейлі тұрақсыз банктерге ақша салынып, салдарынан 58 миллиард теңге жоғалды. Былтырдан бері бұл тапшылықты жойдық. Қазір капиталды ұлғайтып, транштар мен капиталға ақша құйып жатырмыз. Сосын валютамен алған несиелерді теңгеге ауыстыруға тырысып жатырмыз. "ҚазАгро" үкіметтің ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі операторы болғандықтан оны банкрот болуға жол бермейміз, жағдайын тұрақтандырамыз" деді Шөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрі бұған дейін Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорында (ӘСМҚ) жиналған қаржының 10 пайызы "ҚазАгро" компаниясының облигациясын сатып алуға бөлінетінін хабарлаған.

"ҚазАгро" оны коммерциялық мақсатта, нақтырақ айтсақ астық сатып алуға жұмсайды. Бұл қаржы жұмсалады және қайтарылады. Бұл мүлдем қауіпсіз" деген Шөкеев.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасы "ҚазАгро" компаниясының былтыр 120 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырағанын хабарлаған.

Дереккөз: azattyq.org

28 мамыр 2018, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.