Атырауда ресми түрде танылған екі жағажай бар – ДСК жанындағы және Жилгородоктағы. Қазір олардың 15 маусымдағы шомылу маусымының ашылуына дайын болмайтындығын батыл болжауға болады. Бәрі де дәл былтырғыдай. Өйткені жергілікті билік жағажайларға қызмет көрсету тендерін өткізуді тоқтатты. Кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғалды ма, әлде басқа себептермен бе, бірақ қаражат екінші жыл қатарынан бөлінбей отыр.
- Биыл жағажайлар бойынша бюджет жоқ, тендер өткізілмеді, - деді «АЖ» тілшісіне қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.
Қазір екі жағажайдың екеуі де мүлдем қараусыз қалған. Аумақта қамыс пен ошаған қаптап кеткен. ДСК жанындағы жағажайда киім ауыстыратын жер, дәретханалар, қоқыс жәшіктері жоқ. Жилгородокта био-дәретхана мен киім ауыстыратын жер болса да, сұмдық күйде.
Соңғы жылдары қала тұрғындарының көпшілігі «жабайы» жағажайларда шомылғанды жөн көреді. Құтқарушылардың есептеуінше, Атырауда кем дегенде осындай 15 орын бар. Жақында өткен брифингте Батыс аймақтық жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Асқар ӘЙТЕКЕНОВ осыған қатысты алаңдаушылық білдірген еді. Өйткені мұндай жерлердегі өзен түбі тексерілмеген.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор