Атырау, 22 желтоқсан 21:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР омбудсмені Ресей омбудсменіне Томирис Байсафаның ісіне қатысты өтініш жасады

1 733 рет қаралды


ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров РФ омбудсмені Татьяна Москальковаға Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студенттің ісіне қатысты өтініш жасады, деп хабарлайды Today.kz Асқар Шәкіровтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шәкіров Москалькадан өз құзіретіне сай Мәскеуде төртінші қабаттан құлап қайтыс болған қазақстандық Томирис Байсафаның тергеуінің әділ өтуіне атсалысуды сұрады. Бұл істі қазір Мәскеудің бас тергеу басқармасы тергеп жатыр. 

Томирис Байсафаның ата-анасы берген ақпарат бойынша, жүріп жатқан тергеу аясында процессуалдық заң бұзушылықтың болып жатқаны, сондай-ақ тергеу барысында ақпаратты беруден бас тартуы қайғылы оқиғаның әділ тергелуіне кедергі болып жатқаны омбудсменнің алаңдаушылығын тудырған. 

Шәкіров Москальковадан "оқиғаны міндетті және транспарентті тергеу жүруі үшін қажетті шара қолдануды" сұраған. 

Естеріңізге салайық, 13 сәуірде МГИМО ғимаратының төртінші қабатынан қазақстандық Томирис Байсафа құлап кетті. Оқиға оқу орнының екінші бір студенті Мұртазәлі Меджидовпен әңгімелескен соң болған. Куәгерлердің сөзінше, бұл жайтқа Мұртазәлімен ренжісіп қалған соң барған болуы мүмкін. 

РФ тергеу комитеті "Өлімге дейін әкелу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Меджидов – Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы. 

3 мамырда қыз қайтыс болды

Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова баспасөз мәслихаты барысында журналистерге қызының өліміне қатысты тергеу жұмыстарының мән-жайын айтты. Ол істе түсініксіз жайттардың көп екенін мәлімдеді

Дереккөз: today.kz

28 мамыр 2018, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.