Атырау, 30 қараша 02:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Сирияда шабуылдан ресейлік жауынгерлер қаза тапты

2 113 просмотра


Сирияның Дейр-эз-Зор аймағында қарулы топтардың шабуылынан 4 ресейлік әскери қаза тапты. Тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Бірақ оқиғаның дәл қай кезде болғаны айтылған жоқ. Қарулы топтар түн ортасында үкіметің зеңбірекшілер жасағына шабуыл жасап, ондағы ресейлік көмекшілер көз жұмған.

Алайда Лондондағы сириялық үкіметтік емес ұйымның хабарлауынша, шабуылдан 2 емес, 9 ресейлік пен 26 сириялық сарбаз ажал құшқан. 

Шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырлары осы апта ішінде жүзеге асырған.

Айта кетейік, Ресейдің Сириядағы әскери операциясы 2015 жылдың күзінде басталды. Ресей билігі оған тек әуе күштері ғана қатысып жатқанын айтады. Бірақ Қорғаныс министрлігі бұл елде арнайы топтардың да әрекет етіп жатқанын растады. 

Ал ресми дерекке сүйенсек, сол уақыттан бері 90-нан астам ресейлік сарбаз көз жұмған екен.

Дереккөз: 24.kz/

28 мамыр 2018, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.