Атырау, 22 желтоқсан 21:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​БҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін бекітті

2 234 рет қаралды


ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларды мектепке қабылдауға қатысты жаңа ережелер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелерге сәйкес, осы күнтізбелік жылдың соңына дейін  жасы 6-ға толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 1-сыныпқа бара алады. 

"Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жасы 6-ға толатын балалардың барлығының мектепке баруға құқығы бар", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдары баланы қабылдаудан бас тартқан жағдайда ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің мекенжай бойынша жергілікті білім беру басқармасына хабарласа алатыны айтылады. 

Айта кетейік, биыл балалар 1-сыныпқа түсу үшін 1 маусым-30 тамыз аралығында өтініш қалдыра алады. Мұнымен қоса, министрліктегілердің айтуынша, биыл мектепке қабылдауға қажетті құжаттардың тізімінен баланың мекенжайы жөнінде анықтама алынып тасталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 мамыр 2018, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.