
Маңғыстау облысындағы кен орнында болған жарылыстан зардап шеккен 3 мұнайшының біреуі әлі ауыр халде. Ол Астана қаласының №1 ауруханасында жатыр. Ал, қалған 2 мұнайшы 26 мамыр күні қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған дейін Астана қаласының №1 ауруханасында емделген екі мұнайшының біреуі және Мәскеудің Н.В.Склифосов атындағы ғылыми-зерттеу институтына жатқызылған бір мұнайшы көз жұмды.
«Мәскеуге жеткізілген науқастың жағдайы өте ауыр еді. Ол жүрек қызметінің бұзылуы, ағзаларының дұрыс жасамауынан қайтыс болды. Оның әу баста тірі қалу мүмкіндігі аз еді. Ал, Астанада қайтыс болған науқаста да осындай клиникалық белгілер. Қазір үшінші науқас Астанада емделуде»,-дейді МО ауруханасы басшысының орынбасары Үміт Ілиясова.
Еске сала кетейік, осыған дейін «Комсомол» кен орнында жарылыс болып, 3 мұнайшы зардап шеккен еді.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау 0