Атырау, 21 желтоқсан 21:57
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Былғары қолғапты «Арландар» «Арыстан жүректілерден» басым түсті

Сурет Бейнежазба
3 616 просмотра


26 мамырда Атырауда Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалы аясында «Астана Арланс» және «British Lionhearts» бокс командалары арасында жекпе-жек өткізілді.

Биылғы маусымда, 17 мамырда Англияда өткен алдыңғы матчта қазақстандық «арландар» ринг иелерін 3:2 есебімен жеңген еді. Қарсыластар Атырауға қарымта қайтару ниетімен келді. Екі кездесу бойынша тең нәтиже болған жағдайда аса ауыр салмақтағы (91 кг жоғары) спортшылар - әлем чемпионатының қола жүлдегері қарағандылық Абылайхан Жүсіпов пен Цирус Патинсон жекпе-жекке шығуға тиіс еді. Алайда төртінші жекпе-жектің нәтижесі жариялағаннан кейін матчтың тағдыры шешілді: «арландар» - финалға шықты.

Көрермендер залында меймандарға «Go, go!» деп айқайлап, қолдау білдірген экспаттар да аз болмады.

Айта кету керек, барлығы жергілікті жанкүйерлердің ойлағанындай болмады: спортшылар тиесілі 5 раундты толық өткізіп шықты – нокауттар болған жоқ.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шымкенттік ҚР чемпионы Сәкен Бибосинов Еуропа чемпионатының жүлдегері Уилл Коулимен өткізген табанды жекпе-жекте есе жіберіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта кімнің жеңетін болжау қиын еді, өйткені Серік Теміржанов пен оның қарсыласы Калум Френч алғашқы секундтан бастап жекпе-жектің соңына дейін бір-біріне соққы дарытумен болды. Төрешілер қазақстандыққа басымдылық берді.

69 келіге дейінгі салмақта жамбылдық Асланбек Шымбергеновтің ауыр соққысынан кейін төреші есеңгіреген Карл Файлға уақыт санай бастады. Ағылшын боксшысы есін жиып, финал соңына дейін шыдады, бірақ жеңіске жетуге мүмкіндігі болмады.

Матчтың тағдырын 81 келіге дейінгі салмақтағы шымкенттік Бек Нұрмағанбет пен Ларидон Нуха арасындағы жекпе-жек шешті. Бұл жекпе-жек қазақстандықтың басымдығымен өрбіді,  ал төртінші раундта Бек қарсыласына джебпен қатты соққы жасап, отырғызып тастады. Нуха тез арада есіне жиды, бірақ қарсыласының жеңісі белгілі болды.

Ауыр салмақты (91 кг дейін) спортшылардың жекпе-жегі ештеңе шешпеді, бірақ өте табанды өтті. 2017 жылғы әлем чемпионатының финалисі қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев Дакрес Соломонды жеңді.

Матчтың соңында қазақстандық боксшылардың қолтаңбалары бар қолғаптар аукционы өтті, соңғы жекпе-жектегі ең «ауыр» қолғап қымбатқа өтіп, 3,7 млн теңгеге бағаланды.



Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттер мен бейнежазбаларды түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

28 мамыр 2018, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.