Экономика Мейрамханалар мен бутиктер салық алдында кедей боп көрінеді Кәсіпкерлер өз декларацияларында кірістерін бір жарым еседен артық мөлшерде кем көрсетіп жазады. Мұны салық қызметкерлері хронометражды тексеру барысында анықтады. 2 ақпан 2011, 00:00 3 528 просмотра
Экология Экологтар 14 миллионның қайда кеткенін түсінбеді Ғабдол Сланов атындағы жаңа кітапхана ғимаратында (әуежай жақта) «Жоғары антропогендік әсер жағдайында Солтүстік- Шығыс Каспийдің жануарлар дүниесінің жай-күйін зерттеу» қорытындыларын талқылау жөнінде дөңгелек үстел болып өтті. 2 ақпан 2011, 00:00 4 172 просмотра
Оқиға Қорымды қорлағандар жауапқа тартылуда «АЖ» газетінің өткен нөмірінде біз мұсылман зираттарын қорлаған жеті күдіктінің ұсталғандығын хабарлаған болатынбыз. Олардың барлығы да дәстүрлі емес исламдық бағытты қолдаушылар болып табылды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 896 просмотра
Қоғам Мақаттан мұң арылар емес Мақат ауданында коммуналдық мәселелерді шешуге миллиардтаған қаржылар бөлінсе де мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Тек былтырғы жылдың өзінде Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге облыстық бюджеттен 5 млрд. 370 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат аудандағы газ және су құбырлары жүйесін, жолдарды жаңалауға, «Атырау –Мақат» су құбыры құрылысына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік қамтуларға жұмсалған. Бұны былтырғы жылдың аяғында Мақат ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ айтты. Бұл қаржылардың есебін анықтау әзірше мүмкін болмай отыр. 2 ақпан 2011, 00:00 5 007 просмотра
Қоғам Техникалық тексеруден әзірге жол полициясы өткізеді Өткен жылдан бері ҚР «Механикалық транспорт құралдары және оларға тіркелетін тіркемелерді міндетті техникалық тексеруден өткізуді жүргізу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына дайындық жүргізілуде. 2 ақпан 2011, 00:00 3 291 просмотра
Қоғам Қартайып барамыз... Қазақстан халқына соңғы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша олар «қартайып» жатқандар санатына жатқызылды. Белгілі болғандай БҰҰ-ның анықтамасына сәйкесті мемлекетті «қартаю» санатына жатқызудың бастапқы деңгейі бойынша-65 және одан жоғары жастағы халықтың 7 пайызы болуы керек. Республикалық статистика жөніндегі комитет Агенттігінің төрағасы Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ айтуынша, Қазақстанда 65 жастан асқан адамдар саны 7,1 пайызға жеткен. 2 ақпан 2011, 00:00 3 811 просмотра
Қоғам Елеусіз қалған шағымдар Қаңтардың 25-і күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы былтырғы жылғы жұмыстарын қорытындылады. Осыған орай өткізілген баспасөз мәжілісінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі құзырлы органдардың тарапынан мүлдем орындалмай отырғандығы белгілі болды. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 133 просмотра
Мәдениет Түрмедегі арулар Өткен аптада Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдер түзеу мекемесінде тағы да мәдени шара өтті. Бір қызығы ол ешқандай мереке немесе атаулы датаға негізделмеген. Жай ғана сотталғандардың моральдық рухын көтеру үшін. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 890 просмотра
Мәдениет Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты Қаңтардың 14-і күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ақ желкен» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Атырау суретшілерінің көрмесі ашылды. Онда жалпы 12 суретшінің 40 жұмысы апарылды. Атыраудан өкіл болып барған қолөнер шебері Нұрсұлтан Қалиев, қылқалам шеберлері Әділқайыр Жантасов пен Исім Арыстанов бұл көрмеге өздерінің және жергілікті суретшілердің жұмыстарын кеңірек таныстырып қайтқан болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 10 050 просмотра
Экономика «Мұнай бағасының өсуі қуануға негіз емес» Жыл басынан бері бәріміз де бағаның өсуін үрейлене бақылауға алудамыз. Жаппай қымбаттаумен қатар теңгенің девальвациялануы туралы да қауесет тарап кетті. Егер дұрыс пікір білдірер болсақ, алаңдауға негіз жоқ – мұнай бағасы әзірге өсіп жатыр. Алайда бұл жақсылық па, жоқ па? Осы және басқа да мәселелер туралы қаржы сарапшысымен әңгімелескен едік. Ол әңгімені ашық айтуға уәде берді. Есесіне өзінің аты-жөнін құпия қалдыруды ұйғарды. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 365 просмотра
Басқа жаңалықтар Ирландиядан әкелінген улы жүк Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қазақстанға заңды бұза отырып әкелінген улы заттың ірі партиясын анықтады. 27 қаңтар 2011, 00:00 2 928 просмотра
Қоғам Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі Жылдан жылға қайталанып жатқан дәрілік қамтуға байланысты бейберекетсіздік биылғы жылы да қайталанды. Дегенмен өткен жылдың жазында жауапты тұлғалар 2011 жылдың басынан бастап ахуалдың түбегейлі өзгеретіндігін, өтініштердің тамыз айында жиналып, қажетті тендерлер жаңа жыл басталғанша өткізілетіндігін, ал дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге уақытында түсетіндігін мәлімдеген болатын. Алайда.. Уәде бергіш шенеуніктерге сенбеңіздер. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 100 просмотра
Басқа жаңалықтар Вице-министр жол апатына ұшырады 25-ші қаңтарда 16 сағат 30 минутта қалалық Элеватор ауданында «Нефтемаш» зауытына барар жолда ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Берік КАМАЛИЕВ мінген джип аударылып, сайға түсіп кеткен. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, зақым алған шенеунік облыстық ауруханаға жеткізілген. ІІД баспасөз релизіне сәйкес, «Тойота-Прадо» көлігінде отырған жүргізуші мен облыстық әкімдіктің екі қызметкері зардап шекпеген. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 178 просмотра
Оқиға Жүргізуші мүрдені зиратқа жасырмақшы болды Жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып, қылмыс ізін жасырмақшы болған 30 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы ІІД-де өткен брифингте жауап алу басқармасының бастығы Қалыбай ТӨЛЕУЛИЕВ хабарлады. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 805 просмотра
Қоғам Прокуратура базаға «көз қырын» салмақ Облыс прокуратурасында 2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономика саласындағы жұмыстар қорытындыланды. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 464 просмотра
Оқиға Мұсылман зираттарын қорлады деп күдіктелген жеті адам ұсталды Криминалдық полицияның жедел топ қызметкерлері үшін мұсылман зираттарын қорлаған деп күдіктелген топты ұстау үшін бір аптадан сәл астам уақыт қажет болды. Естеріңізге салайық, белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратынан 15 бейітті қорлап, Элекватор ауданындағы зиратта тағы 16 бейітті қиратып кеткен еді. Полиция «Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 932 просмотра
Қоғам Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды Қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында Кипр мемлекетінің Паралимний қаласында дәстүрлі халықаралық рейтингілік олимпиадасы өткен болатын. Оған қатысқан атыраулық қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары тағы да жүлдемен оралды. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 294 просмотра
Басқа жаңалықтар Өз учаскеңе тіркел Елімізде 2010 жылы енгізілген Денсаулық Сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесі негізінде әр азаматқа кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемін көрсетудің бірнеше жолдары іске қосылды. 2010 жылы әр науқас өз қалауы бойынша ауруханалық (стационарлық) ем алатын мекемені таңдап,электронды ауруханалық бюро –порталы арқылы ешқандай кезексіз, кедергісіз кепілдендірілген ауруханалық ем алуға қол жеткізілді. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 721 просмотра
Басқа жаңалықтар Халық санағы хақында Егер естеріңізде болса, мойындарына көк бөкебай оранып алған адамдар атыраулықтарды өткен жылдың ақпан айында санаққа алған болатын. Содан бері бірнеше ай бойына статистика бүкіл аймақтардан түскен мәліметтерді өңдеген еді. Таяу күндері, бір жыл өткен соң, жұртшылыққа дайын өнім ұсынылды. Жинақ «2009 жылғы ҚР халқының санағы. Қысқаша қорытындылар» деп аталады. 27 қаңтар 2011, 00:00 6 676 просмотра
Басқа жаңалықтар Телефон қымбаттап, интернет арзандады 1-ші ақпаннан бастап «Қазақтелеком» жаңа тарифтер енгізбек. Келесі айдан бастап жеке тұлғалар үшін негізгі телефонның абоненттік төлемақысы 20 пайызға өспек. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 283 просмотра
Қоғам Мақаттағы жол азабы Атырау облысында жолдар қалыпқа келтіріле бастағанымен мұнайлы мақаттағылар жол азабын тартып отыр. Доссор‑Мақат тас жолының жарамсыз бола бастағанына ондаған жылдар өткен. Жол жайын айтқанда мақаттықтар жылап қоя береді. Себебі жайсыз жолдардан жолаушылардың ығыры шыққан еді. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 902 просмотра
Экономика Жылуды үнемдеу жолдары табылды Биылғы жылдан бастап Атырау қаласында энергия көздерін тиімді үнемдеу мақсатында жаңа автоматтандырылған жылыту пунктері іске қосылатын болады. Мұндай жағымды жаңалық еліміздің барлық аймақ орталықтарына да қатысты. Өйткені, осы жылы республика бойынша 144 автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру сынақтық жобалары іске асырылмақ. 27 қаңтар 2011, 00:00 9 866 просмотра
Қоғам Сәбилерге екпе салу керек пе? Атыраулық аналарды соңғы кезде облыста жаңа туған жас нерестелердің арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Олардың кейбірі бұған жас нәрестелерге салынатын екпелердің әсері болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бірақ облыстық перзентхана дәргерлері бұл болжаммен келіспейтіндерін айтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 32 889 просмотра
Оқиға «Қарақшылар» қарап жатқан жоқ Атырау облыстық әділет департаменті режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетовтің «Елки» кинофильмінің контрафактілік дискілерін заңсыз сату туралы арызы бойынша тексеру жүргізуде. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 374 просмотра
Басқа жаңалықтар МАБ сынағы сақталады Мемлекет аралық бақылау (МАБ) сынағы алынады деген алып-қашпа әңгіме жалған болып шықты. Сейсенбі күні облыстық білім басқармасында таяу күндердің ішінде Білім және ғылым министрлігінен осыған сәйкесті бұйрық келіп түскендігін хабарлады. Биылғы жылы МАБ сынағы 24 ақпанда өткізіледі. Әзірге бұйрықта оқушылардың тапсыратын пән атауы көрсетілмеген болып шықты. Алайда, ұзынқұлақтың айтуынша, бұл пән математика болмақ екен. 26 қаңтар 2011, 00:00 4 578 просмотра