Атырау, 27 қараша 06:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ізге түсу (Бейнежазба)

3 018 просмотра

Жол-патрульдік қызметінің бірнеше экипажы Атырау көшелерімен «Нива» көлігін тоқтатуға тырысып, қуа жөнелген бейнежазбаны оқырманымыз жолдады.

Полицейлер «Киткрай» маңында қатты жылдамдықпен бір көшеден екіншісіне бұрыла қашқан ереже бұзушының (ол қызыл шамнан өтіп кеткен екен) соңына түсіп, жүргізушінің әрекетіне балағат сөздермен түсінік беріп отырған.

ІІД әкімшілік полициясы басқармасындағылар хабарлағандай, бұл жағдай 30 мамырда орын алған. Көлікті Бугорки саяжай массивінің маңында ғана тоқтату мүмкін болған. Рөлде Махамбет ауданы Алмалы селосының 22 жастағы тұрғыны отырған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-6-бабының 1-тармағы («Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өтіп кету»), 471-бабының 1-тармағы («полиция қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабын орындамау») және 470-бабының 1-тармағы («Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi жоқ
адамның көлiк құралдарын басқаруы
») бойынша әкімшілік заң бұзушылықтар хаттамалары жасақталды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

Полицейлердің адамдар мен көліктерге толы қаланың ішінде көлікті қуа жөнелуге құқылары бар ма? Біз облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының жол-патрульдік қызметінің бөлім бастығы Талғат МАРДЕНОВКЕ қойған едік. Ол былай деп жауап берді:

- Егер азамат құқықбұзушылық немесе қылмыс жасаған болса, полиция қызметкерлері оның әрекетін құрықтауға міндетті. Мұнда олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын сақтауы тиіс. Біздің қызметкерлер заң шеңберінде әрекет етті.

Мұрат СҰЛТАНҒЛИЕВ

Бейнежазбада балағат сөздер бар!

6 маусым 2014, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.