6 маусымда шамамен сағат 14-те қала маңындағы Ракуша селосында М.Өтемісұлы атындағы мектеп шатырының бір бөлігі опырылып қалды.
Құлаған төбе жабындысының алаңы – 543 шаршы метр. Мектеп 50 жыл бұрын салынған. Еркінқала селолық округінің әкімі Ерғали ТАПАНОВТЫҢ айтуынша, ғимарат бос болған, ешкім зардап шекпеген. Оқиғаның себебін анықтаумен ТЖД айналысуда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ