Атырау, 24 қараша 13:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық балалар жынысын ауыстырды

2 888 просмотра
Джефф және Мэри Тиммонс атты ерлі-зайыптылар Қазақстаннан үш бала, Ресейден бір бала асырап алған. Өкінішке орай, қай бала біздің елден қамқорлыққа алынғаны белгісіз. Әйтеуір ортаншы ұлы бір күні қыз болғысы келетінін, ал қызы ұл болғысы келетінін жариялаған. Ал ата-аналары болса, балалардың бұл таңдауына құрметпен қарап, олардың тілектерін орындауға бел буыпты, деп хабарлайды «Экспресс-К».
 

Нью-Йорктегі отбасының мұндай тосын жаңалығын Timesledger басылымы жариялады. Ата-аналарының өтінішімен олардың аты-жөндері де өзгертіліпті.

Гэбриэл Гэбриэллаға айналғысы келгенде ер бала небәрі төртте ғана болған екен. «Оның мінезі жұмсақ, нәзік, машина, тапаншамен емес, қуыршақтармен ойнайтын», - дейді отағасы Джефф Тиммонс.

Ағасының ізінше қарындасы Джейми де қыз емес ұл болғысы келемін депті. Джефф Тиммонс балаларының мұндай қадамына сыныптастары қалай қарайды екен деп алаңдаған.  Алайда әзірге олардың достарымен қарым-қатынастары жақсы.

Қазір Гэбриэлла тоғызда. Жыныстық жетілуге дейін оған гормоналдық дамуын тежейтін арнайы препараттар қабылдау қажет. 16 жасында ол нақты шешім қабылдауы тиіс. Қажет болған жағдайда, оған жасалатын гормоналдық терапия мен хирург скальпелі оның қыз болу арманын орындай алады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 маусым 2014, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.