6 маусымда күндіз Құрманғазы ауданының Шортанбай селолық округінде Қиғаш өзеніне шомылып жүрген 37 жастағы жергілікті тұрғын суға батып кетті.
Облыстық судан құтқару қызметінің қызметкерлері денені төрт сағат өткеннен кейін судан шығарып алды.
Сол күні сағат 18.35-те ТЖД-ға Махамбет ауданының Береке селосында Жайыққа шомылып жүрген 13 жастағы жасөспірімнің суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерге жеткен сүңгуірлер бригадасы денені екі сағаттан соң шығарып алды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ