6 маусымда табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері журналистерге жақында балықтар жаппай қырылған Махамбет ауданындағы суару арнасын көрсетті.
Арна Ортақшыл ауылының (№13 ауыл) жанында орналасқан. Оның ұзындығы 8 шақырым және ол бақша егістіктерін суару үшін қолданылады. Біз барған кезде арнада елу шақты өлі қаракөз шабақтары суда қалқып жүрді. Алайда іс жүзінде олар анағұрлым көп қырылған, бұған дейін тоғанды Махамбет балық қорғау инспекциясы жалдаған жергілікті тұрғындар бригадасы сүзекімен тазалаған.
Аудандық балық қорғау инспекциясының бастығы Арман МОЛДАШЕВТЫҢайтуынша, арнадан мың шақты өлі шабақтар сүзіліп алынған.
Облыстық табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Ақтан ҚУАНОВ прокуратурада су бетінде өлі шабақтардың қалқып жүзген фотосуреті мен бейнежазбасы бар екенін хабарлады.
– Балықтың қырылуының ықтимал себебі – арнаға су сорып құятын сорғыны пайдалану кезінде балық қорғау шараларының сақталмауы, - деді А.Қуанов. – Кінәлілер мен тигізілген зиян мөлшері анықталуда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ