АҚШ-тың Сиэтл университетінде екі азамат атыс ұйымдастырды.
Нақтыланған мәліметтер бойынша қаныпезерлер атқан оқтан 4 тұрғын жарақат алып, кейін ауруханада біреуі қаза тапты. Күдіктілердің біреуі тапаншасын қайта оқтауға кіріскенде студенттер оны қолға түсіріп полицияға тапсырған. Тәртіп сақшылары қазір екіншісін іздестіріп жатыр. Оқу орнында сабақ тоқтатылып, студенттер қауіпсіз жерге шығарылған. Университеттің маңайындағы жолдар мен көшелерге тосқауыл қойылды.
Дереккөз: Baq.kz