2014 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 20 236 (23,1%) түлек жинай алмаған, деп хабарлайды дүйсенбіде Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.
"Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 20 мың 236 (23,1%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 27 мың 465 (28,76%) болған", - делінген хабарламада.
"13 137 (14,9%) 100-ден астам балл жинаған.
"2 және 8 маусым аралығында тестілеуге 87593 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61678, орыс тілінде – 25915", - деп хабарлайды тестілеу орталығы.
Ең жоғары 125 балды жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ, бұрынғыша 4 адам: Абдижапар Айғаным Бахытқызы (№178 лицей, Алматы қ.); Марат Асия Жандосқызы (Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.); Ахметжанова Шахзода Анваровна (Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі, Шымкент қ.); Ержанова Улпан Ержанқызы (Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы).
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.