Венада бүгін, 6 маусымда Молдованың даулы Приднестровье аймағының мәселесін реттеуге арналған көпжақты келіссөздердің соңғы кезеңінің екінші күні өтеді.
Молдова үкіметі мен жікшіл Приднестровье аймағының билігі арасындағы келіссөздерге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Украина және Ресей арағайындық жасап отыр. Бұдан өзге келіссөздерге АҚШ пен Еуропа Одағы өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
Приднестровье аймағы 1990 жылдардың басында Молдова Румыниямен бірігеді деп қауіптеніп, тәуелсіздігін жариялаған. Екі жақ 1992 жылы аз уақыт соғысып, кейін Ресей Приднестровье жағынан қақтығысқа араласқан соң тоқтады. Тұрғындарының көпшілігін этникалық орыстар құрайтын аймақ тәуелсіздігін бір де бір мемлекет мойындаған жоқ.

Дереккөз: Азаттық радиосы
6 маусым 2014, 10:54