Ұйымдастырушылар танымал шетел әншісі Нелли Фуртадоның елордаға келуін техникалық қателік деп атады. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлайды.
«Бұл техникалық қателік. Біздегі жас маман ешкіммен келіспей, осындай ақпарат таратқан. Ол өткен жылғы құжатты (елорда күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы – автор ескертпесі) алып, шатастырып алған. Бұл техникалық қателік. Қазір біз мұның басын ашып жатырмыз», - деді Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Жанар Колбачаева.
Естеріңізге салып өтсек, бүгін елорда күніне арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру штабының баспасөз қызметі «Асқақтай бер, Астана!» концертіне танымал америкалық әнші Нелии Фуртадоның келетіні туралы ақпарат таратқан болатын.
Дереккөз: bnews.kz
6 маусым 2014, 14:52