Атырау, 27 қараша 06:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қажылыққа барушыларға вирус туралы ескертті

1 728 просмотра

2 маусым күні тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті таяушығыстық респираторлық синдромның короновирустық инфекциясының кең түрде таралу қаупіне байланысты туристік фирмалар мен дін істері басқармасын қажылыққа барушылар мен демалушыларды Таяу Шығыс елдеріне жіберу кезінде сақ болуды ескертті.

Сырқат атипті пневмония түрінде білінеді. Бүйрек ауруы мен ішек жұқпалы аурулары мазалайды. Бірінші кезекте Сауд Арабиясынан сақтандырады: бұл елде ауру жұқтырған 497 жағдайдың 414-і тіркеліп отыр, 115 науқас көз жұмған. Туристік елдерден, атап айтқанда, БАӘ мен Мысырда бірнеше жағдай тіркелген.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН  хабарлағандай, Сауд Арабиясының билігі денсаулығы әлсіреген, диабетпен, созылмалы тыныс жолдары ауруларымен, бүйрек және бауыр ауруларымен ауыратын адамдарға биылғы жылы қажылық жасаудан бас тарту жөнінде кеңес берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 маусым 2014, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.