
Bloomberg агенттігі Олланд 5 маусымда Путиннен бұрын әуелі АҚШ президенті Барак Обамамен кездескенін айтады. Екі кездесуде де Украина тақырыбы сөз болған. Олландтың Путинмен кездесуінен соң ешқандай мәлімдеме жасалмады.
Агенттік кездесу барысында Обама Ресейдің Францияның "Мистраль" тікұшақ тасығыш кемесін сатып алуына байланысты алаңдаушылығын білдірген. Обама бұл қару-жарақ саудасын "Ресейді Украинадағы әрекеті үшін марапаттау болып саналады" дейді.
Олланд пен Обама бұған қоса екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нормандияға одақтастар әскерінің түсірілуіне 70 жыл толуына байланысты шараларда Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті реттеуде қалай пайдалану керегін талқылаған. Жиынға 18 мемлекеттің басшылары қатысады.
Дереккөз: Азаттық радиосы
6 маусым 2014, 11:56