Атырау, 8 қаңтар 11:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

Барлық жаңалық

«D» санаты бар куәлікпен жұмыссыз қалмайсың Басқа жаңалықтар

«D» санаты бар куәлікпен жұмыссыз қалмайсың

28 ақпанда қалалық жұмыспен қамту орталығында осы жылдың алғашқы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Атыраулық 12 компания 342 бос жұмыс орындарын ұсынып, 400-ге жуық түйіндеме қабылдады. Былтыр осындай 8 жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 300-дей адам тұрақты жұмысқа орналасқан еді. Сурет 29 ақпан 2020, 01:50 4 095 рет қаралды
Атырауда биыл 19 үй терможаңғыртудан өтеді Басқа жаңалықтар

Атырауда биыл 19 үй терможаңғыртудан өтеді

- 4-уі жергілікті бюджет, қалғаны – республикандық бюджет есебінен. Бұл туралы брифингте қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат ХАБИЕВ (суретте) хабарлады. 4 үйдің күрделі жөндеуіне жергілікті билік 200 млн теңге бөліп отыр. Үш үй СМП-163-те орналасқан болса, біреуі Авангард-2 ықшамауданында. «Республикалық» 15 үй Атыраудың әр жерінде – СМП-136, СМП-163, Авангард, Балықшы және Вокзал маңында орналасқан. 29 ақпан 2020, 01:15 2 338 рет қаралды
Газ мамандары кәсіпкерлердің сотқа жүгінуден шаршағанын күтіп жүр ме? Басқа жаңалықтар

Газ мамандары кәсіпкерлердің сотқа жүгінуден шаршағанын күтіп жүр ме?

Атырау облысының прокуроры Халидолла ДӘУЕШЕВ кәсіпкерлермен кездесті. Олар көтерген мәселенің негізгі бөлігі тағы да сол «КазТрансГаз Аймақ» мекемесінің қызметі мен жер мәселесін шешуге қатысты болып шықты.   29 ақпан 2020, 00:22 2 876 рет қаралды
Атырауда қоқыс шығару тарифі екі есе өсті Басқа жаңалықтар

Атырауда қоқыс шығару тарифі екі есе өсті

Атырау әкімдігінде қоқыс шығару тарифін көпқабатты үйлерде адам басына айына 117 теңгеден 197 теңгеге дейін, жеке секторда 126,18 теңгеден 214,56 теңгеге дейін көтеруге шешім шығарғаны туралы бұдан бұрын «АЖ» жариялаған болатын. Бүгін, 28 ақпанда, депуттар осы шешімді қалалық мәслихат сессиясында бекітті. 28 ақпан 2020, 17:35 3 002 рет қаралды
2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді Қазақстанда

2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді

2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен. 28 ақпан 2020, 16:47 2 446 рет қаралды
Атырауда VIP-номер сәннен шықты Басқа жаңалықтар

Атырауда VIP-номер сәннен шықты

Атыраулық жүргізушілер қазір көліктеріне «әдемі» номер тағуға көп қызықпайтын болды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ.   28 ақпан 2020, 16:45 3 437 рет қаралды
12 шетелдік маман кері қайтарылды Басқа жаңалықтар

12 шетелдік маман кері қайтарылды

27 ақпанда Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Атырау облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Бұл жолы комиссия шешімімен 114 экспат жұмыс жасауға рұқсат алды. Ал Түрік және Италияның 12 азаматының өтініші кері қайтарылды.   28 ақпан 2020, 16:12 2 423 рет қаралды
Прокуратура: Ағаділ денесіндегі "дақтар" - биологиялық өлімнің белгілері Қазақстанда

Прокуратура: Ағаділ денесіндегі "дақтар" - биологиялық өлімнің белгілері

28 ақпанда түстен кейін Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің денесіндегі "азаптау іздері" туралы ақпаратқа түсініктеме берді.  Бейнежазба 28 ақпан 2020, 15:18 3 137 рет қаралды
Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді Оқиға

Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді

Бүгін, 28 ақпанда, №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВАҒА қатысты жеңілдетілген тәртіпте қаралған қылмыстық іс аяқталды. Ол ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 2000 АЕК (5 млн 50 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол сондай-ақ 3 жылға медицина саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. 28 ақпан 2020, 15:00 3 932 рет қаралды
"Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады Қазақстанда

"Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады

Қазақстанның сыртқы жауы жоқ. Қазақстандықтардың басты жауы жауапсыздық пен сын-қатерге дер кезінде төтеп бере алмау. Бұл туралы парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 28 ақпан 2020, 14:48 3 260 рет қаралды
Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2 Оқиға

Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2

Әуежай маңындағы үй құрылыстарының заңдылығын құқық қорғау органдары тексеріп жатқаны туралы бұған дейін «АЖ» хабарлаған еді. Атап айтқанда, Атырау халықаралық әуежайының маңындағы «Нұрсая-3» ықшамауданындағы үйлердің құрылысы тексерілуде. Бізде жарияланған мақаладан кейін Атырау қаласы әкімдігі атынан әкім орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ «АЖ»-ның ресми сауалына жауап берді. 28 ақпан 2020, 14:46 3 192 рет қаралды
Түркия Асад әскеріне "қарымта жауап берді", НАТО Дамаск пен Мәскеуді айыптады Әлемде

Түркия Асад әскеріне "қарымта жауап берді", НАТО Дамаск пен Мәскеуді айыптады

Түркия әскері Сирияның үкімет күштеріне соққы жасады, бұған дейін Идлиб провинциясында Асад әскерінің шабуылынан кемінде 33 түрік сарбазы мерт болған еді. НАТО Дамаск пен Мәскеуді аумақты жөн-жосықсыз бомбалады деп айыптады. 28 ақпан 2020, 14:32 3 310 рет қаралды
Қытай коронавирус симптомымен ерікті түрде қаралғандарға ақша береді Әлемде

Қытай коронавирус симптомымен ерікті түрде қаралғандарға ақша береді

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Цяньцзянь қаласының әкімшілігі коронавирус симптомымен дәрігерге ерікті түрде қаралып, диагноз расталған жағдайда, оларға 10 мың юань (шамамен 1 426 доллар) төлеуге уәде берді. Бұл туралы Reuters хабарлады. 28 ақпан 2020, 14:28 1 963 рет қаралды
Құлсары-Теңіз тас жолында көлік апатынан 5 адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Құлсары-Теңіз тас жолында көлік апатынан 5 адам қаза болды

Бүгін, 28 ақпанда, таңғы сағат 6 шамасында Құлсары-Теңіз тас жолында жол көлік оқиғасы болды - "Лада 21310" и "Cheverolet Aveo" автокөліктері бетпе-бет соғысты. Оқиға орнында 5 адам - екі жүргізуші мен үш жолаушы - қаза болды. Бейнежазба 28 ақпан 2020, 14:12 8 386 рет қаралды
Дариға Назарбаева реформаның салдары неге әкеп соққанын айтты Қазақстанда

Дариға Назарбаева реформаның салдары неге әкеп соққанын айтты

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева аграрлық секторды жүйесіз реформалаудың салдарынан тұтас ауылдар жойылып кетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 28 ақпан 2020, 13:15 3 167 рет қаралды
«Ломбард ісі»: мүлікті қалай қайтарамыз? Басқа жаңалықтар

«Ломбард ісі»: мүлікті қалай қайтарамыз?

«Нұр-Али Капитал» ЖШС басшылығының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар тергеудің баяу жүргізілуіне наразылық білдірді. Олар ломбард директоры Әліби СЕКСЕНБАЕВ шет ел асып кетті деген сенімде. Қазір оларды өз ақшаларын, көлігін, жылжымайтын мүлігін қалай қайтарып аламыз деген ой мазалайды. Толығырақ «АЖ» материалында. 28 ақпан 2020, 12:38 3 376 рет қаралды
​АҚШ-пен арада мәселе туындаған Ресей БҰҰ-дан көмек сұрады Әлемде

​АҚШ-пен арада мәселе туындаған Ресей БҰҰ-дан көмек сұрады

АҚШ-қа виза алу қиындағаннан кейін Ресей БҰҰ төрелегін сұрап (арбитраждық процедура), Бас хатшы Антониу Гутерришке хат жолдады. Ресейдің бұл ұстанымына Қытай, Иран, Сүрия, Куба, Беларусь, Никарагуа қолдау білдірген.  28 ақпан 2020, 12:29 3 174 рет қаралды